Владимир Бубенко- СҚО әкімінің орынбасары
– Тек биылғы жылдың өзінде ғана Петропавлдағы Жылу электр орталығына 8,1 млрд теңгеден астам қаражат бағытталды. Онда турбиналар алмастырылып, жаңа 8-ші қазандық іске қосылды. Жылу желілерінде де ауқымды қалыпқа келтіру шаралары жүргізілді. Осының барлығы халықты сапалы энергиямен қамту мақсатында жасалуда. Сіздерді өңір жетекшісінің атынан кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймын. Еңбектеріңізге табыс, отбасыларыңызға амандық тілеймін.
Кейін Владимир Бубенко облыс әкімінің атынан мамандарға құрмет грамоталарын табыс етті. Тағы 3 азамат «Қазақстанның еңбек сіңірген энергетигі» атағына ие болса, екі жерлесіміз «Ардагер энергетик» төсбелгісіне ие болды. Олардың қатарында бұл салаға бар саналы ғұмырын арнаған Анатолий Женченко да бар.
Анатолиий Женченко- сала ардагері
– Соңғы 10 жылға жуық уақытта зейнетте болсам да мамандығымнан қол үзген емеспін. Жалпы энергетика қызықты кәсіптердің бірі. Қазір де жастар үшін болашағы зор мамандық. Сондықтан осы салаға келгеніме еш өкінбеймін. Бүгін міне кәсіби мерекеміз қарсаңында ескеріп жатқандарына қуаныштымын.
Ал «СКРЭК» АҚ бас директоры Александр Рейзлинге «ТМД-ның құрметті энергетигі» атағы табысталды. Ол өз жұмысын қарапайым қызметшіден бастаған екен.
Александр Рейзлин- «СКРЭК» АҚ бас директоры
– Мен энергетика саласында 20 жылдан астам уақыттан бері еңбек етемін. Еңбек жолымды электромонтерден бастаған болатынмын. Содан станция кезекшісі, бөлім басшысы сынды көптеген қызметтерді атқардым. Қазір 1200-ден астам адам еңбек ететін кәсіпорынды басқарып отырмын. Бүгіндері ұжымымыз Петропавл халқы мен солтүстікқазақстандықтарды сапалы энергиямен қамтамасыз ету үшін еңбектенуде.
Жиын соңында аға буын өкілдері жас манадарға өз тілектерін жолдады. Айта кету керек, бүгіндері өңірде 600-ден астам энергетика саласының ардагері бар.
Магжан Ахмадина.