Мәдениет

Тәуелсіздік күні балаларға базарлық

Дарья Хрупина, “Счастливой день” агентігінің аниматоры.

-Бұл қойылымды біз жаңа форматта өткізіп жатырмыз. Интерактивті көрініс арқылы сахнадағы образдар тіріліп, олар балғындармен етене жақын араласа алады. Осылайша, кішкентайларға үлкен әсер қалдырады.

Осы көріністі тамашалауға Мирас Тұяқ анасымен келген. 6 жасар балғын өскенде елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сияқты әлемге үлгілі тұлға болсам дейді.

Мирас Тұяқ.

-Мен өскенде елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сияқты боламын. Мереке бәріне құтты болсын.

Мереке күндері берілген демалысты ата-аналары барынша тиімді пайдаланып, балаларына барлық қуаныш пен шатықты сыйлауға асық болды.

Нағима Ахметова, Әл-Фараби мектеп-лицейінің мұғалімі.

-23 жыл деген бір елдің дамып, еңсесін тіктеу үшін аз уақыт. Десе де біздің мемлекетіміз осы аралықта іргесін мықтап, серпінді дамуымен өзге елдерге үлгі көрсетуде.

Мерекелік шара әлеуметтік аз қамтылған, жетім және көп балалы жанұялардан шыққан балғындар үшін ұйымдастырылды. Олар кеш соңында сурет байқауына қатысып, 10 балаға қуыршақ театрындағы жаңажылдық шыршаға жолдама берілді. Ал, қалған 13-і туған күндерін қаладағы дәмханаларда тегін тойлауға билет алды.

 

 

 

Берик Касен.