Қоғам

Тәртіп сақшылары ардагерлерін құрметтеуде

Амангелді Ержанов – полиция ардагері.

-Бізді жақсы қарсы алды. Күніне 4 рет тамақтандырды. Барлық жағдай жасалған.

Алматыдан келген ардагерлерді жерлестеріміз салтанатты түрде қарсы алды. Вокзалға жиналғандардың арасында кадрлық жұмыстарды басқару басшылығы мен облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы да бар. Оңтүстік астанада демалып қайтқан ақсақалдар ұйымдастырылған шараға дән ризашылықтарын білдірді.

Амангелді Ержанов – полиция ардагері.

-Алған әсерлеріміз мол. Мұндай шараны ұйымдастырған Департамент басшылығына алғысымды айтамын.

Жалпы ІІМ шипажайына облыс пен Петропавл қаласы бойынша 14 тыл еңбеккері мен полиция ардагері барып қайтты.

 

 

Риат Шони.