Спорт

Петропавлда белгілі палуан, жерлесіміз Мәлік Мүрсәлімовті еске алуға арналған қалааралық турнир өтті

Данияр Мелдебек – сайысқа қатысушы, Алматы қаласы.

-Жалпы, еркін күрестен жарыс жақсы өтті. Степногорск қаласының намысын қорғаған палуан өте мықты болды. Бұл сайысқа мен 1 жыл бойы дайындалдым.

Мәлік Мүрсәлімовті еске алуға арналған еркін күрестен турнир теріскейде 9-шы рет ұйымдастырылып отыр. Бұл сайыста 14-16 жасар 200-ден астам жасөспірімдер 35-76 келі салмақ бойынша өнер көрсетті. Бақ сынаған палуандар Қырғызстан елінен және еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған.

Бауыржан Құлжанов – облыстық еркін күрес федерациясының құрметті президенті.

-Петропавлда еркін күрестен жарыс жоғары дейгейде өткізілді. Бұл сайыс жерлес спортшымыз Мәлік Мүрсәлімовті еске алуға арналған. Қатысушылардың саны 200-ден астам. Палуандар Алматы, Қарағанды, Степногорск, Қостанай және еліміздің басқа да қалаларынан және Қырғызстаннан келіп отыр.

2 күнге жалғасқан жарыстың қорытындысында 10 салмақ дәрежесі бойынша жеңімпаздар анықталды. Олар медаль, кубок және дипломдармен марапатталды.

 

 

 

Сагыныш Маркашева.