Білім

Оқушылар арасында пәнаралық жобалар байқауы өтуде

Жадыра Таласпаева, Қазақ орта мектеп-интернатының 10-сынып оқушысы. Шал ақын ауданы.

-Ғылыми жобалар байқауына Мәшһүр Жүсіп Көпеев шығармаларындағы фразеологизмдердің қолданылу ерекшелігі атты тақырыбымды алып келдім. Мен осы жобаны фразеологизмдердің қолданылу аясын кеңейту мақсатында қолға алдым.

Ағылшын тілінде бір сөз бірнеше мағынаны білдіреді. Сондықтан аталған тілді меңгергенде кейбір сөздерді түсіну оқушыларға қиынға соғатын көрінеді. Осы тұрғыда, әл-Фараби мектеп-лицейінің оқушысы Әдемі Досжанова ғалым Виктор Виноградовтың еңбегін негізге ала отырып, шет тілін оңтайлы меңгеру жолдарын ұсынып көрді.

Әдемі Досжанова, Әл-Фараби мектеп-лицейінің 10-сынып оқушысы.

-Мен жобамда ағылшын фразеологиімін зерттедім. Нәтижесінде мен қазақ, орыс және ағылшын тілін сәйкестендіріп бір жоба құрдым.

Пәнаралық ғылыми жобалар байқауының облыстық кезеңі әлі 2-3 күнге жалғасады. Осы сыннан мүдірмей өткендер онлайн тест тапсырады.

Гүлдарай Қайнетова, СҚО Білім басқармасы жанындағы “Білім саласындағы әдістемелік жұмыс және ақпараттық технологиялар” орталығының директоры.

-Бұл жобада оқушылар өздерінің таңдап алған тақырыптары бойынша өзі үшін бір жаңалықтар ашып, синтездік дейгейде идеялар шығарып, бүгінгі заманауи қоғамға қажетті, тиімді идеялар шығарады деген үміттемін.

Тестілеудің қорытындысы бойынша сараптама жұмыстары жүргізіліп, кейін жоғары ұпай жинағандар республикалық кезеңге жолдама алады.

 

 

 

Берик Касен.