Білім

ЛОРД мектеп-лицейінің оқушылары Республикалық және Халықаралық олимпиадаларда жүлделі орындарды еншіледі

Алена Заиченко – ЛОРД мектеп-лицейінің 11-сынып оқушысы.

-Бұл олимпиадада мен алдымен іріктеу кезеңінен өттім. Содан кейін бірнеше турдан өту керек еді. Соның бірі қашықтықтан тапсыру кезеңі. Ол мен үшін қиын болды. Жалпы, сайыс физика, математика, биология және химия пәндері бойынша ұйымдастырылды. Мен, өзім физика пәнінен 2 сағат ішінде 7 күрделі есепті шығарып, тапсырманы ойдағыдай орындадым.

Ал Рената Садртдинова желтоқсан айының басында Ресей елінің Иркутск қаласында өткен астрономия мен космонафтикадан Азия – Тынықмұхиттік олимпиадасына қатысып, бағын сынап көрді. Нәтижесінде, 3-ші орынды еншілеген. Бұл сайыста Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Қытай және Корея елдерінің оқушылары бағын сынапты.

Рената Садртдинова – ЛОРД мектеп-лицейінің 11-сынып оқушысы.

-Сайыс барысындағы есептер өте қиын. Олардың көбі Иркутск қаласының символы – жолбарыс жануарымен байланысты болды.

ЛОРД мектеп-лицейінің оқушылары Қазақстан құрамасына 6 рет кіріп, халықаралық сайыстарда бақ сынаған. Мұғалімдер, оқушыларының осы уақытта қол жеткізген жетістіктерін мақтан етуде.

Светлана Кревсун – ЛОРД мектеп-лицейінің физика пәнінің мұғалімі.

-Осындай асуларды бағындыру үшін оқушылар мен мұғалімдер ұжымы көп жұмыс атқарды. Олардың олимпиадаларда жақсы нәтиже көрсетуіне мен өте қуаныштымын.

Астрономия пәні бойынша мектеп-лицейінің қоржынында 12 халықаралық марапат бар. Сонымен қатар, оқушылар 2 рет студенттік олимпиадаларда үздіктер қатарынан табылған.

 

 

Сагыныш Маркашева.