МТРА жаңалықтары

Келесі жылдан ауылдық округ әкімдерінің өкілеттілігі артады

Сергей Худяков, жергілікті өзін-өзі басқару институтының директоры.

-Бірінші болып ауылдық деңгейде салық өндіру мәселесі қаралды. Қазіргі күні Перезидент әкімшілікгімен салықтың 4 түрін ауыл әкімдерінің құзырына беру келісілген. Негізінде салық базасындағы әкімшілік айыппұлдарды өсіру мәселесі қаралуда. Келесі жылдың 2 тоқсанынан осы салықтың 4 түрі ауылдық округтің деңгейіне беріледі. Екінші меншік мәселесіне қатысты болды. Бірақ, бұл мәселе әлі нақтыланбады. Алдағы уақытта тағы қаралмақ.

Сондай-ақ, қоғамдық құрылымдардың мәслихатын құрып, олардың ауылдық әкімдермен бірлесіп жергілікті мәселелерді шешуіне жағдай жасау. Бұл жиында қаралған үшінші сұрақ.

Сергей Худяков, жергілікті өзін-өзі басқару институтының директоры.

-Бұл қандай ұйым болуы керек? Қандай принципте құрылуы қажет? Қоғамдық ұйымдардың өкілдеріне келесі отырысқа жарғының жобасын дайындап әкелу тапсырылды. 4-ші мәселе – облыс пен аудан деңгейіндегі бірқатар өкілеттіліктерді ауылдық округ деңгейіне беру жайы. Осылайша селолық округтің әкімдері жергілікті жерде кездесетін проблемаларды шешу құқығына ие болмақ.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Үкімет жергілікті өзін-өзі басқару туралы Тұжырым­даманың екінші кезеңін іске асыру жөніндегі заң жобасын әзірлеуге кірісті, оны келесі жылдың күзінде Парламентке енгізу жоспарланып отыр. Сонда жұмысшы тобының жиынында көтерілген мәселелер ескерілмек. Айта кету керек жалпы облысымызда бүгінгі күні 196 ауылдық округ пен аудандық маңыздағы қалалар бар.

 

 

Бану Ахметова.