Қоғам

Петропавлда “Ана үйі” ашылды

Облыс орталығындағы “Ана үйі” 5 ай бұрын қолданысқа беріліпті. Осы уақыт аралығында мекеме қоғамға қажеттілігін дәлелдеген. Сондықтан Ел тәуелсіздігінің мерекесінде ана үйін салтанатты түрде аштық дейді оның басы қасында жүргендер.

Елена Балло, Петропавл қаласы әкімінің орынбасары.

-Өмірде қиын жағдайға тап болған аналарға қолдау көрсету бүгінгі күні қоғам үшін маңызды. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев “Өмір дегеніміз – бұл бақытты обасы, еш мұқтажсыз өмір сүруді білдіреді” деген болатын. Сондықтан біз аналарға көмек көрсету үшін бәріміз бірге жұмыс істейміз.

Қазақстандық бизнесмендер “Ана үйлерін” ашуды өткен жылы қолға алған. Мақсаттары – жас аналардың сәбиінен бас тартуына жол бермеу. Тірі жетімдер санын азайту. Жалпы жоба қолға алынғалы қазақстандық 568 қыз-келіншек және олардың балалары осындай үйлерде пана тапқан. 250-ден астамы өз отбасыларына қайта оралыпты.

Балия Кенжеболатова, “Ана үйі” қоғамдық қорының атқарушы директоры, Астана қаласы.

-Қиындыққа тап болған аналар өз сәбилерінен бас тарпау үшін біз барынша көмек көрсетеміз. Өйткені, әр бір бала өз отбасына өсіп, тәрбиленуі керек. Жұмыс істеп жатқанымызға көп уақыт бола қоймаса да, нәтиже бар. Қиын жағдайға тап болған бойжеткендерге көмек көрсетіп, өз отбасыларына оралуларына септесеміз.

Үйде 5 жатын және 1 ас бөлме бар. Әйелдер бұнда бір отбасындай тұрып жатыр. Олардың баспанада уақытша өмір сүруіне барлық жағдай жасалған. Әселдің 4 айлық нәрестесімен осы үйді паналағанына 2 ай болыпты. Жетімдер үйінде тәрбиеленген бойжеткеннің сәбиінен әкесі бас тартыпты. Сондықтан барар жерім басар тауым болмаған соң, осында келдім дейді ол.

Әсел Сахауова.

-Осындай үйдің бар екендігі қуантады. Бізге мұнда психолог пен медбикелер көмек көрсетеді. Сәбиге қандай күтім қажеттігіне де үйретеді. Бос уақытымызда тігін тігумен айналысамыз. Орта мамандығым бар болғандықтан, алдағы уақытта жұмысқа орналасып, өмірден өз жолымды тауып кеткім келеді.

Ана үйінде 5 бойжеткен бір апталық және 9 айлық балаларымен тұрып жатыр. Олар тұрақты еңбекпен қамтылып, отбасын құруды армандайды. Мақсатқа жету үшін мемлекеттік органдар жан- жақты көмек беруге әзір. Ол үшін қордың өкілдері және денсаулық сақтау, білім беру, жұмыспен қамту басқармалары өзара меморандум жасасты. Тағдыр тәлкегіне түсіп, ана үйін баспана еткен әйелдерді қамтамасыз ету үшін бизнесмендер қаражат бөліп тұрады. Жылына бір үйді ұстау үшін 70 мыңнан 100 мың долларға жақын қаражат жұмсалады. Аналар үйін қыз-келіншектер 1 аптадан бір жылға дейін паналай алады.

 

 

 

Самат Джакупов.