МТРА жаңалықтары

Жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі қоғамдық кеңестік отырысы өтті

Ақжүніс Мұсырман, «Нұр Отан» партиясы СҚО филиалының партиялық бақылау жөніндегі инспекторы.

-Бұл биылға өткізіліп отырған соңғы жиын. Онда 5 мәселе қаралады.

Басқосуда “Балапан” бағдарламасының жүзеге асуы да сөз болды. Аталған жоба бойынша ағымдағы жылы облыста 9850 орынға шақталған балабақшалар ашылу керек болатын. Жоспар толықтай орындалмаған. Яғни, тек мектепке дейінгі тәрбие беретін 9429 орын ғана пайдалануға беріліпті. Жиында үй кезегінде тұрған халыққа баспананы бөліп беру жайы да қозғалды.

Сайран Хамзин, “Нұр Отан” париясы СҚОФ жемқорлықпен күрес жөніндегі қоғамдық кеңесінің төрағасы.

-Аққайың М.Жұмабаев, Жамбыл аудандарының тұрғындарымен әңгімелесе келе олардың үйді бөліп беруде ешқандай ескертпелері жоқтығын байқадық. Бірақ баспаналардың сапасына көңілдері толмайтындарын айтты. Яғни, электр жүйесі, сумен жабдықтау және құрылыс материалдарының сапасы төмендігіне шағымданды.

Ағымдағы жылы мемлекеттік қызметтерді көрстеуде 375 заң бұзушылыққа жол берілген. Жоспарсыз тексеріс жүргізген 17 жауапты тұлға жазаланыпты.

 

 

Бану Ахметова.