Билік

Явленка ауылында жаңа емхана қолданысқа берілді

Ерік Сұлтанов- СҚО әкімі.

-Елбасы Н.Назарбаев «Қазақстан-2050» стратегиясында «Ұлт денсаулығы – біздің жарқын болашағымыздың негізі» деп айрықша атап көрсетті. Биыл облысымызда 4 ауданда жаңа емхана құрылысы жүргізіліп, халық қуанышқа бөленуде. Жаңа емхана аудан халқының денсаулығын жасқсартуда маңызы ерекше болмақ.

Облыс әкiмi салтантатты түрде емхананың таспасын қиып, ұжымға жаңа реанимобиль көлiгінiң кiлтiн табыс еттi.

Аймақ жетекшісі емхананың материалдық- техникалық базасымен танысып, ақ халатты абзал жандармен тілдесті. Мұнда балалар және ересектерге арналған бөлімдер жұмыс істейді. Ал стационарлық бөлімше 10 жатын орынға шақталған екен. Жаңа емдеу мекемесінің ашылуын көптен күткен тұрғындар өз қуаныштарын жасырмады.

Мұнда 23 автокөлік халық игілігіне жұмыс істейтін болады. Тағы 300-ден астам қызметкер тұрғындарға сапалы қызмет көрсетпек. Солардың бірі – Роллан Жұмағазиев. Жас маман өткен жылы оқуын аяқтап, «Дипломмен ауылға» бағдарламасы арқылы осы емханаға жұмыс істеуге келген.

Роллан Жұмағазиев- Явленка орталық аудандық емханасының эпидемиолог- дәрігері.

-Қондырғылар жаңа, заманауи. Жұмыс істеуге ыңғайлы болмақ.

Жалпы нысанның құрылысы 2012 жылы басталыпты. Оған 1 млрд теңгеден астам қаржы жұмсалған.

 

 

 

Магжан Ахмадина.