Спорт

Волейболдан ашық турнир өтті

Дос Әубәкіров, Сафуан Шәймерденов атындағы қалалық классикалық гимназияның мұғалімі.

-Бұл турнир 1996 жылдан бері жылда өткізіліп келеді. Қалалық классикалық гимназия оны бір турнирін де қалдырған емес. Қазір командалардың ойнау деңгейі жылдан-жылға жақсарып келеді.

Осы спорт түрінен ашық чемпионат 19-шы жыл қатарынан өткізіліп келеді. Алғаш ойындарда тек 4 команда ғана сайысқа түскен. Ал, бүгінде олардың саны анағұрлым өсіп отыр.

Өмір Есқали, Нұржан Қалиасқаров атындағы қордың төрағасы.

-Турнирге 12 құрама қатысып жатыр. Биыл бұл спорт ойынының мәртебесі артып, облыс әкімдігінің қолдауымен өңір деңгейінде өтікізіліп жатыр. Осы құрамалардың арасында әскери институт пен М.Қозыбаев атындағы СҚМУ құрамалары алда келе жатыр.

Жарыс қорытындысы бойынша 1-ші, 2-ші орынды жеңіп алғандар түрлі түсті теледидар иеленді.

 

 

Берик Касен.