Салық басқармасы

Салық мамандары импортталған тауардан салықтың өндірілетінін ескертеді

Нұржан Тоқжанов – Петропавл қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы кедендік одақ аясындағы жанама салықтарды басқару бөлімінің жетекшісі.

-Сонымен қоса, қосымша құн салығы мемлекеттік тіркеуді талап ететін көлік құралдарынан да өндіріледі. Айта кету керек, көлік құралдарын импорттағанда қажет жағдайда акцизін де төлеу қажет. Сонда салық құнына акциздың сомасы да қосылады.

Импортталған тауардың жанама салығын солтүстікқазақстандықтар тұрақты мекен-жайы бойынша төлейді. Оны өтеуге импортталған тауарды есепке қойғаннан бастап келер айдың 20-на дейін уақыт беріледі. Ол үшін арыз бен арнайы құжаттар болу керек.

Нұржан Тоқжанов – Петропавл қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы кедендік одақ аясындағы жанама салықтарды басқару бөлімінің жетекшісі.

-Құжаттардың тізімі мынандай: жанама салықтарды төлегені жайында, тауар жөнелтпесі, келісімшарт, есеп фактураларының құжаттары керек.

Салық төлеушілер импортталған тауардың жанама салығы, тауар әкелу жөнінде арыз бен оның салығын төлегені жөніндегі декларацияны қағаз күйінде немесе электронды түрде әкеле алады.

 

 

 

Риат Шони.