Владимир Божко, ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары.
-Тас жолдардағы апаттық құтқару бекеттері республикалық маңыздағы күре жолдардың бойына салынып жатыр. Алдағы уақытта олардың жалпы саны 40-қа жетеді. Қосындар “Саламатты Қазақстан” бағдарламасы аясында тұрғызылып жатыр. Жалпы бүгінде күре жолдардың бойында апатқа ұшыраған 10 мыңнан астам қазақстандыққа көмек көрсетілді.
Бекет жол көлік оқиғасынан зардап шеккендерге жедел көмек көрсету және оларды емдеу мекемелеріне шұғыл жеткізуге арналған құтқарушы және арнайы медициналық құрылғымен жабдықталған. Және шағын операциялық зал мен қажетті дәрі-дәрмектер тағы бар. Мұнда 5 штаттық қызметкер 15 күн сайын жолдың бойында кезекшілік құратын болады.
Татьяна Бугрова, “СҚО апаттық медициналық орталығы” “Келлеровка” ММФ медициналық-құтқару бекетінің травматолог-хирургі.
-Мына құрылғымен біз пациенттің қан қысымын, жүрек соғысын бақылаймыз. Электро-кардиографиясы бар. Барлық жерде қолға ұстап жүруге болады.
Сондай-ақ, насанның ашылу салтанатына қатысушыларға Хюндай Н1 базасында құрастырылған отандық реанемобиль көрсетілді. Бұл көлікте ауыр жарақат алғандарға кешіктірмей “жылжымалы” медициналық көмек көрсетіледі. Дәрігерлер жолда келе жатып, облыстық емдеу мекемелерінің мамандарымен қашықтықтан телекеңес ала алады.
Ержан Ысқақов, ҚР ІІМ ТЖ жөніндегі Комитеті “Апаттық медицина орталығы” ММ жетекшісі.
-Осы сынды арнайы көліктер санының артуынан шақыруларға барудың уақыты айтарлықтай азаяды. Және адам өмірін аман сақтап қалуға көбірек мүмкіндік туады.
Жолдағы оқыс оқиғалар жайлы барлық қоңыраулар 112 қауырт желісіне келіп түседі.
Канағат Мұқышева, “Апаттық медициналық орталығы” ММФ медициналық-құтқару бекетінің диспетчері.
-Біз қауырт желіге түскен хабарды ести салысымен оқиға орнына құтқарушылар бригадасын жібереміз. Олармен рация арқылы үнемі байланысып тұрамыз. Егер науқастың халі мүшкіл болса, біз дереу Көкшетау не Тайынша ауданында орналасқан емдеу мекемесінің дәрігерлеріне хабарласып, оны сонда жөнелтеміз.
Осы жерде құтқарушылар бекеттің маңына тікұшақ қонатын алаң салу қажетігін де айтып қалды.
Берик Касен.