Мәдениет

“Таң шолпан” фестивалі өтті

Сәулежан Абзалхан, Ленинградская музыка мектебінің тәлімгері, Ақжар ауданы.

-Біздің ұжым атақты Құрманғазы, Дина, Дәулеткерей бабаларымыздың күйлерін ойнайды. Мектеп болғандықтан, оқушылар халық күйлері мен өзге жанрдағы шығармаларды қатар үйренуге тырысады.

Халық-аспаптық ансамблдерінен кейін фестивалдің көркін би ұжымдары қыздыра түсті.

Ирина Колодаева, СҚО балалар шығармашылығы орталығы директорының орынбасары.

-Осы фестивальдің арқасында біз балалардың бойына ұлтжандылық, отанға деген сүйіспеншілік сезімін ұялатқымыз келеді. Және осындай шаралардың арқасында баланың шығармашылық қабілетін жетілдіріп, қазақ ұлтының мәдениетін дәріптеуді көздейміз.

Сондай-ақ, бұл шарада жеке орындаушылар да дара қырын таныта білді.

Концерт соңында қатысушылар диплом және естелік сыйлықтарға ие болды.

 

 

Берик Касен.