Қоғам

Теріскейде “Егемен Қазақстан” АҚ президенті Сауытбек Әбдірахмановпен кездесу өтті

Сауытбек Әбдірахманов – “Егемен Қазақстан” Республикалық газеті” АҚ президенті.

-Біздің акционерлік қоғамның жұмыс тәжірбиесінде, жыл сайын облыстарға шығып оқырмандар, облыс басшылықтарымен кездесу өткізіп, газетімізді насихаттау дәстүрі қалыптасқан. Биыл осы Солтүстік өңірге келіп отырмыз. Петропавл қаласы басылымға сүбеле үлес қосуда.

Жиынға республикалық басылымның оқырмандары келді. Бектұрған Рамазанов газетті жылда жаздырып алады екен. Мерзімдік басылымдағы мақалаларды жібермей оқып тұрады.

Бектұрған Рамазанов – “Егемен Қазақстан” газетінің оқырманы.

-Мен “Егемен Қазақстан” газетін 50 жыл бойы оқып келемін. Саяси, экономикалық, мәдени жұмыстардың жайы жан-жақты талқыланады. Сонымен қатар, дүние жүзінде болып жатқан жаңалықтар мен өзгерістерін баяндап отырады.

Республикалық “Егемен Қазақстан” газеті, келер жылы өз оқырмандарының санын 8000-ға арттыруды мақсат етіп отыр.

 

 

Сагыныш Маркашева.