Балалар

“Дауылпаз баба Қожаберген жырау” тарихи-танымдық жинақтың тұсауы кесілді

Абай Тасболатов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты.

-Кеше елбасының жолдауын насихаттауға келген болатынбыз. Мақсатымыз – барлық қазақстандықтарға стратегиялық құжат жүктеген тапсырманы түсіндіру.

Кездесу барысында “Дауылпаз баба Қожаберген жырау” атты тарихи-танымдық жинақтың тұсауы кесілді. Қожаберген жыраудың өмірі, еңбегі мен шығармашылық жолы туралы туындыны құрастырушылар ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Абай Тасболатов пен Қазақстан Жазушылар одағының СҚО-тық филиалының директоры Жарасбай Сүлейменов. Аталған жинақты жарыққа шығару үшін көп тарихи деректерге сүйендік дейді авторлар.

Жарасбай Сүлейменов, Қазақстан Жазушылар одағының СҚОФ директоры.

-Жинақты осы уақыт аралығында шығардық деп айту қиын. Өйткені, көп тарихшылар мен тарихи деректерге сүйеніп шығардық.

Аталған жинақ 4 мың данамен басылған.

 

 

Бану Ахметова.