Құқық қорғау органдары

Өңірде “Борышкер” алдын-алу шарасы жүріп жатыр

Дәурен Қазбеков – ӘПБ СҚО ІІД бастығының орынбасары.

-Айыппұлдарды өндіру жұмысын күшейту үшін СҚО ІІД “Газель” автокөлігі алынды. Енді оның көмегімен мойнында берешегі бар жүргізушілер мен олар тізгіндеген көліктердің нөмірлері анықталады.

Өңіріміздің бас полицейі Берік Біләлевті жылжымалы пунктің жұмысымен және оның жұмыс істеу ерекшеліктерімен инженер-жасаушы таныстырды.

Автоматтандырылған бейнефиксация жолда ағылып жатқан автокөліктердің ішінен ешбір қателіксіз айыппұлы бар нөмірді анықтайтын көрінеді. Қазір облыстық әкімшілік полиция басқармасының дерекқорында 50 млн. теңге сомаға 5 мыңнан астам айыппұл тіркелген.

 

 

Риат Шони.