МТРА жаңалықтары

Бесінші шақырылған облыстық мәслихаттың кезекті 31-ші сессиясы өтті

Шара барысында депутаттар 2015-2017 жылдарға арналған облыстық бюджетті қарастырды. Бұл сұрақ бойынша Солтүстік Қазақстан облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Айгүл Хасенова баяндама жасады. Оның айтуынша болашақта білім және денсаулық сақтау саларына бөлінетін қаражат арта түспек. Жалпы 2015 жылы өңірге Республикалық трансфеттен 47 миллиард 500 миллион теңге бөлінбек.

Айта кету керек сондай-ақ келер жылы облыстық бюджеттен Николай Погодин атындағы орыс драма театрына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін 100, ал облыстық филармонияны қайта қалыпқа келтіруге 200 миллион теңгеден астам ақша бөлінеді. Ал «Жас өркен» ауданында тұрғызылып жатқан спорт сарайына инфроқұрылымдарды тарту үшін 1,5 миллиардқа жуық қаражат жұмсалмақ. Жалпы 2015 жылдың облыстық бюджеті 135 миллиард 534 миллион теңгені құрап отыр. Ол биылғы жылмен салыстырғанда 13 пайызға артық. Депутаттар бюджетті бір ауыздан мақұлдап, бекетті. Жалпы отырыста барлығы 16 сұрақ қарастырылды.

 

 

Самат Джакупов.