Қоғам

Елге еңбегі сіңген 4 зейнеткердің есімі ардагерлер ұйымының құрмет кітабына енгізілді

Ескендір Елеусізов,СҚО ардагерлер кеңесінің төрағасы

– Құрмет кітабы 2012 жылы СҚО ардагерлер кеңесі президиумының ұйғарымымен шықты. Сол кітапқа еліне еңбегі сіңген ардагерлер енгізіледі. Олар ардагерлердің, қоғамның жұмысына белсенді араласқан. Жуырда міне, СҚО ардагерлер кеңесі президиумының алқалық отырысында 4 адамды құрмет кітабына енгіздік.

4 адамның 2-уі ҰОС ардагері Петр Гладков пен Қасым Жүнісов.

Екі ақсақал да 90 жастан асса да, осы күнге дейін білім ошақтарын аралап, жас ұрпаққа бейбітшілік пен бостандықтың бағалы екендігін ұғындырудан әсте жалыққан емес.

Қасым Жүнісов, “Ардагерлер” клубының құрметті төрағасы, ҰОС ардагері

– Биыл зейнетке шыққаныма 30 жыл толады. Зейнетке шыққаннан бері өзімнің білгенімді, көргенімді жастарға айтумен келемін.

Сондай-ақ ардагерлер ұйымының Құрметті кітабына “Киров зауыты” АҚ-ндағы бастауыш ардагерлер ұйымының төрағасы Геннадий Кириллов пен кезінде Шал ақын ауданында механизатор болып еңбек еткен Малғаждар Сәдуақасовтың есімі енген.

Берик Касен.