Құқық қорғау органдары

Облыста «Борышкер» атты алдын алу шарасы өтуде

Алтынбек Тиыштыбаев – СҚО ІІД әкімшілік полиция басқармасының бөлім басшысы

– Бұл шара сот орындаушылары мен прокуратура өкілдерінің қатысуымен ұйымдастырылуда. Борышкер жүргізушілер анықталса, онда салық толық төленгенше, темір тұлпарлары айыппұл тұрағына жөнелтіледі.

Екі күн ішінде тәртіп сақшылары 23 борышкердің көлігін айыппұл тұрағына жөнелткен. Жалпы 190 солтүстікқазақстандыққа 7 млн теңгеден астам соманың әкімшілік айыппұлы тағайындалған. «Борышкер» шарасы 12 желтоқсанға дейін жалғасатын болады.

Магжан Ахмадина.