Энергетика

Келер жылдың қаңтар айынан бастап электр қуаты 4,2 пайызға қымбаттайды.

Евгений Политкин – «Солтүстік Қазақстан Электр желілерін тарату компаниясы» АҚ бас директорының орынбасары.

– Үстіміздегі жылы біздің тұтынушыларымыз қосымша құн салығын санамағанда 1 КВТ/Сағатына 3 теңге 416 тиын төлеп келді. Енді жаңа жылдан бастап олар 3,56 теңге төлейтін болады. Ал одан түскен қаржы электр энергиясы саласын жаңғырту жұмыстарына кетеді. Жыл соңында бұл тұжырымдамаға сараптама жасап отыратын боламыз.

Тарифтің қымбаттауын Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитенінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті қараша айының 25-ші жұлдызында бекіткен. Айта кету керек Ақмола, Қостанай облыстары және Астана қаласымен салыстырғанда өңірде электр қуатының бағасы әлде қайда төмен.

Евгений Политкин – «Солтүстік Қазақстан Электр желілерін тарату компаниясы» АҚ бас директорының орынбасары.

– Алдағы бес жылда энергетика саласын жөндеуге 1 миллиард 232 миллион теңге жұмсалмақ. Келер жылы біз 1,5 шақырымдық кабельді желі, 1000 шақырымнан астам бағаналардағы сымдарды жаңасына алмастырып, 10 қосалқы бекетті жөндеуді жоспарлап отырмыз. Бұл жұмыстар жыл сайын жалғасатын болады.

Солтүстік Қазақстан электр желілерін тарату компаниясы бұл тарифті алдағы бес жылға бекітіп отыр. Негізінен аталмыш кәсіпорын электр қуатын Петропавл жылу энергия орталығынан алады. Болашақта жарықтың бағасын аталмыш орталықта қымбататуы мүмкін.

Джакупов Самат.