Билік

Облыс әкімі Ерік Сұлтанов Петропавлдағы полиция құрылымдарында болды

Мұндағы қызметкерлер облыс орталығындағы “Алтын-Адал” базарының аумағындағы тәртіпке жауап береді. Аталған бөлімше компьютерлік техникамен жабдықталған. Бұл ҚР ІІМ-нің базасына автоматты түрде енуге мүмкіндік береді. Компьютердің жеке мониторынан базар маңайында орнатылған 16 камераның қызметін байқауға болады. Ол “онлайн” режимінде жұмыс істейді. Өңір жетекшісі тәртіп сақшыларының жұмысына оң бағасын берді. Осы күні Ерік Сұлтанов ІІ органы ардагерлерімен де кездесті. Және “Динамо” стадионының заманауи хоккей кортында болды- деп хабарлайды облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.

Ахметова Бану.