Ауыл шаруашылығы

Облыс ағымдағы жылы 900 тонна етті экспорттады

Людмила Кенибас, “Казмясопродукт” ЖШС шебері

– Кәсіпорында жұмыскерлердің еңбектенуіне барлық жағдай жасалынған. Малды сойып, етін арнайы камераларда сақтаймыз. Бұны қадағалайтын ветеринар дәрігерлер де бар. Өніміміз сапалы.

Аталған жоба аясында облысымыз 900 тонна етті Ресей Федерациясына экспорттау керек болатын. Бұл шаруа бүгінгі күні толығымен орындалды. Ал, жалпы облысымызда Кедендік одақ аясында 20-ға жуық кәсіпорын ірі қара етін сыртқа саудалау мүмкіндігіне ие.

Берік Әлжанов, СҚО ауыл шаруашылығы басқармасының бөлім басшысы

– Эспорттауға облыс бойынша 17 ет өңдеу кәсіпорындары кедендік одаққа кіреді. Ірі қара мал етін Ресейге экспорттау бізге тиімді болып отыр. Себебі, РФ енгізген санкцияларына сәйкес, басқа мемлекеттерде ет өнімдеріне тиым салынған.

Келер жылы солтүстікқазақстандықтар ет экспорты көлемін ұлғайтуды көздеп отыр.

Ахметова Бану