Құқық қорғау органдары

Қаруды заңдастыру

Владимир Докучаев

– Гаражда қайтқан әкемнің киімдерінің арасынан мылтық тауып алдым. Сөйтіп, оны полицейлерге тапсырдым. Тәртіп сақшылары қаруды өз атыма тіркеуге кеңес берді. Әкемнен қалған естелік болғандықтан келісімімді бердім.

Тәртіп сақшылары үйде қаруды заңсыз сақтап, жазаға тартылғанша, оны заңдастыруға болатынын айтады.

Асан Смағұлов, Петропавл қалалық ІІБ бастығының орынбасары

– Қаруды азаматтар біздің басқармаға әкеліп, мылтықтарын тапсыру керек. Немесе оны осында заңдастыра алады. Егер өз еркімен қаруды тапсырса, олар ешқандай жауапқа тартылмайды.

Айта кету керек, қаруды өз атына заңдастыру фактісі алғаш рет тіркеліп отыр. Ал, жалпы, облыста сәуір мен қазан айларында қаруды өз еркімен тапсыру республикалық акциясы өткен болатын. Нәтижесі бойынша 6 айдың ішінде облысымыздың ішкі істер органдарына 543 азамат хабарласқан. Олар 23 млн теңгенің 609 дана оқ ататын мылтық, 2 граната, 14 оқ дәрі тапсырған. 2015 жылдың қаңтар айынан облыста халықтан газдық-жарақаттық қаруды сатып алу акциясы басталмақ.

Ахметова Бану.