Спорт

Петропавлда спорттық-балдық билерден Қазақстанның ашық кубогы өтті

Қайсар Әкімжан, жарысқа қатысушы, Астана қаласы

– Біз Нүриямен 1 жыл бойы бірге билеп келе жатырмыз.

Нүрия Сүлеймен, жарысқа қатысушы, Астана қаласы

– Біз жақсы дайындалдық. Жеңіске жетеміз деп ойлаймын.

Сахана төрінде жұптар самба, ча-ча-ча, джайв, баяу, вена, факстрот вальстері, жылдам факстрот, танго да биледі.

Турнирдің көркін жұптардың әртістік билері қыздыра түсті.

Сайыста әлем чимпиондары Анна мен Дани да өнерлерін көрсетті. Бұл жұптың бірге билеп келе жақандарына 3 жыл болыпты. Жуырда ғана олар Пикинде өткен сайыста бас жүлдені қанжығаларына байлапты.

Анна Конохина, жарысқа қатысушы, Петропавл қаласы

– Барлық жұп мықты. Бірақ, біз жеңіске жету үшін барымызды салудамыз. Дайындығымыз да жақсы болды.

Дани Жаукин, жарысқа қатысушы, Петропавл қаласы

– Дәл қазір жарыстың кешкілік бағдарламасы өтіп жатыр. Біз мұнда әртістік биімізді көрсету қажетпіз. Бұл категорияда бірінші рет билемекпіз. Жеңіске жету үшін бар өнерімізді салуға тырысамыз.

Бұл жұп өз жас категорияларында жеңімпаз атанды.

Сайысқа еліміздің 10 қаласы мен Ресейден 300 қатысушы жиналды. 3-бен 18 жас аралығындағы жұптардың бірі бидің 3-еуінен бағын сынаса, кейбіреулері 5-бірдей түрінен сынға түсті.

Александра Еремеева – СҚО спорттық билері бойынша аға жаттықтырушы

– Турнир таңертең басталды. Қазір жарыстың екі бөлімі аяқталды. Петропвлдық бишілер жақсы нәтиже көрсетуде. Бірнеше жұбымыз сынды қорытындылаған уақыта Қазақстанның кубогын алады. Бүгін біздің байқауға қолдау көрсеткен демеушілерімізге алғысымды білдіремін.

Турнирді тамашалауға келген жерлестеріміз жарысқа қатысушыларға қолдау көрсетіп отырды.

– Мұндай сайысты тамашалауға алғаш рет келіп отырмын. Өте қызықты болуда. Жарыста менің немерем өз өнерін көрестуде.

– Балалардың бимен айналысқаны өте жақсы. Оларға сәттілік тілеймін.

Би сайысының соңында жас ерекшелігі бойынша жеңімпаздар кубок және медальдар, бағалы сыйлықтармен де марапатталды.

Ахметова Бану.