Балалар

Петропавлда әр ұлт өкілдері арасында “Не, қайда, қашан?” зияткерлік ойыны өтті

Магамед Дадаев, “Вайнах” шешен-ингуш мәдени орталығының өкілі

– Мен бұл ойынға 1 апта дайындалдым. Дүниежүзі тарихы мен георафияны оқыдым.

Әр ұлт жастарының бойына жалпыұлттық құндылықтарды сіңіруге бағытталған шараны ұйымдастыруға Қазақстан халқы ассамблеясы облыстық филиалының мүшелері ұйытқы болды.

Дина Әбілмәжінова, “Қоғамдық келісім” КМК басшысы

– Облыс орталығында 23 этно-мәдени орталық бар. Оның ішінде 11 жастар мәдени орталығы құрылған. Бүгінгі іс-шара ҚР тәуелсіздігі күніне арналып отыр. Және зияткерлік ойынның ашылу салтанаты. Бұл шараны 3 айда бір рет өткізетін боламыз.

Әр ұлттың тарихына, салт-дәстүріне құрмет білдіру арқылы этно-мәдени орталықтар арасындағы достықты нығайту – әр азаматтың игі борышы. Бұл туралы Елбасымыз “Нұрлы жол – болашаққа бастар жол” атты Жолдауында айтқан болатын. Осы даналыққа құлақ асып, ел тұтастығын сақтасақ, өсеміз, мемлекетімізді бірге дамытамыз.

Берик Касен.