Қоғам

СҚО-да күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы өзгерді

Бұл алдыңғы аймен салыстырғанда 10 пайызға төмен. Тұрғындар қаражатының көп бөлігін, азық-түлікке жұмсайды екен. Ол шамамен 10 мың 226 теңгені құрап отыр. Теріскейліктер көбінесе дастархандарында ет, балық, сүт, жұмыртқа және көкөністен жасалған тағамдардың көп болғанын қалайды. Қалған 2 пайыз қаражатына тұз, қант алады екен. Статистика көрсетіп отырғандай, жұмысқа қабілетті ер азаматтар қаражатты көп жұмсайтын болып шықты. Олар айына 20 мың 328 теңге жұмсайды. Екінші орында әйелдер тұр. Нәзік жандылар айына 16 мың 148 теңгені қажетіне жұмсайды. Күн көрістің ең төменгі минимумы аға буын өкілдеріне тиесілі екен. Елді мекендіктер орташа есеппен айына қалтасынан 17 мың 121 тенге шығарады. Ал, қалалықтар оларға қарағанда ақшаны үнемді жұмсайтын көрінеді.