Билік

Облыс әкімі Ерік Сұлтанов Ресей Федервциясының және Қазақстан Республикасының шекарашыларын қабылдады

Үстіміздегі жылы екі елдің мамандары мемлекеттік шекара сызығын демакрациялау бағытында Мағжан Жұмабаев және Уәлиханов аудандарында ауқымды жұмыстар атқарған. Оның жалпы ұзындығы 349 шақырымнан асқан екен. Ал жалпы Солтүстік Қазақстан облысы бойынша шекара ұзындығы 1200 шақырымнан асып шығылады. Кездесу барысында шекарашылар болашақта өзара бірлесіп, тиімді келісім жасау бағытында жұмыс атқаратындарына сенім білдірді.

Ерік Сұлтанов – Солтүстік Қазақстан облысының әкімі.

-Екі елдің көшбасшыларымен Еуразиялық экономикалық одаққа байланысты, бірқатар стратегиялық құжаттар қабылданып жатыр. Соған байланысты биыл біз көрші елдермен еуразиялық келісімшарт жасадық. Бүгінгі кездесу екі елдің шекара қызметі мамандарына өзара әріптестік орнатып, күрмеуі тарқатылмай жүрген сұрақтардың оң шешіміне ықпал етеді деген ойдамын.

 

Самат Джакупов.