МТРА жаңалықтары

Браконеерлердің кесірінен СҚО-да жабайы бұландар азайып барады

Қазір Петропавл қаласындағы 66 да 37 әскери бөлімінің 3 қызметкері, Мамлют ауданы Белое селосының бір тұрғыны жабайы бұланды заңсыз атты деп айыпталды. Оқиға Мамлют орман қорығында орын алған. Тексеру барысында күдіктілердің көліктерінен тегіс ұңғымалы 2 мылтық табылды. Бүгінде аталмыш факті бойынша әкімшілік іс қозғалған. Естеріңізге салайық, бұлан қызыл кітапқа енгізілмесе де, бүгінде сирек кездесетін жануарлардың қатарында. Оны аулауға қатаң тыйым салынады.

 

 

Берик Касен.