Құқық қорғау органдары

Өңірлік тәртіп сақшыларының еңбектері еленді

 

ІІД-ің баспасөз қызметі хабарлағандай, 13 полицей ІІМ-ің алғыс хатына ие болып, СҚО ІІД-ің тергеу басқармасы бөлімінің бастығы Ақылбек Әлжанов пен Уәлиханов ауданының қылмысты істі тексеру полициясы ішкі істер бөлімінің бастығы Руслан Алижанов “Құқықтық тәртіпті қорғауда ат салысқаны үшін” медальдарымен марапатталды. Еңбегімен айрықша көзге түскен офицерлердің шендері жоғарылады. Салтанатты жиын соңында тәртіп сақшылары облыс пен қаланың өнер ұжымдары ұсынған концертті тамашалады.

 

Риат Шони.