Қоғам

Өңірде өрт оқиғасы жиілеп кетті

Осыған ұқсас тағы бір факті Николаевка ауылында болды. Өрт екі адамның өмірін қиды. Олар 30 жастағы нәзік жанды мен 37 жастағы ер адам. Қайғылы оқиға пештің дұрыс орнатылмауынан болыпты.

Өткен аптада Ғ.Мүсірепов ауданынының Нежинка селосында, Жамбыл ауданының Казанка ауылында және Петропавлдың Кожевен көшесіндегі моншалар жанып кетті. Бұл апаттардың себептері де алдыңғыларымен ұқсас. Сондықтан өңіріміздің құтқарушылары солтүстікқазақстандықтарға өрт қауіпсіздігін сақтап, қызыл жалынды болдырмаудың амалдарын қарастыру керектігін ескертеді. Ал, жалпы жыл басынан облыста 731 өрт оқиғасы тіркеліп, 113 млн теңгенің шығынын әкелді. Және қызыл жалыннан 51 адам өмірімен қоштасты. Оның 6-уы бала.

 

Бану Ахметова.