Оңдасын Әшімов – М. Қозыбаев атындағы СҚМУ ректоры.
-1991 жылы 1 желтоқсан күні ең жоғарғы лауазымды тұлға болып Н.Назарбаев тағайындалды. Бүгінде бұл тарихи маңызы бар оқиға, еліміздің тарихында ерекше орын алатын мерекенің біріне айналды. Сонымен қатар жаңа мейрам өзінің мазмұндық идеясы бойынша Қазақстанның егемендік жолындағы жетістіктерін баяндайтын күн болып табылады.
Бүгінде Президенттің бастамасымен елімізде білім беру саласы жақсы қарқынмен дамып келеді. Жиын барысында сөз алған Ғ.Мүсірепов атындағы №43 орта мектебінің директоры Роза Сәркен Ұлт көшбасшысының бұл бағыттағы игі істеріне тоқталды. Ол елімізде білім беруде жаңа методикалық әдістер қолданылып, білікті кадрларды арттыру мен материалдық базаны жаңғырту керектігін баса айтты.
Роза Сәркен – Ғ.Мүсірепов атындағы №43 орта мектеп директоры.
-Бүгінгі күні біздің мектепте материалдық-техникалық база жаңартылған. Интерактивті білім беру формасы меңгеріліп, интернетпен де жұмыс жасалады. Сонымен қатар мектепке дейінгі білім беру сапасы артып, 12 жылдық білім беруге көшуге дайындық жүруде. Педагог мамандар “Өрлеу біліктілікті арттыру ұлттық институтында” өздерінің біліктіліктерін арттырып жатыр.
Бұл жиында Президент жөнінде студенттер де өз ойларымен бөлісті. Болашақ биолог Мадина Жандосова “Елін сүйген Елбасы” атты баяндамасында Ұлт көшбасшысынің көреген саясаткерлігіне тоқталды.
Мадина Жандосова – М. Қозыбаев атындағы СҚМУ студенті.
-Нұрсұлтан ағамыз кешегі мен бүгінгіні жетік білетін, ертеңгісінде оза ойлап алдыңғыны болжай білген көреген көсем. Ол қазақ ұлтының халықаралық қауымдастыққа кеңінен танылған өркениетті елдердің басшыларымен терезесі тең, сөйлескенде сөзі асатын саясаткер.
Сонымен қатар, жиын барысында Елбасы шәкіртақыларының иегерлері арнайы сертификаттармен марапатталды. Бүгін 14 солттүстікқазақстандық дипломдарға ие болды. Оған қоса алғашқы Президент қорының шәкіртақы иегерлері атанған университеттің үш студенті де зор ықыласқа бөленді. Солардың бірі – Гүлмира Садырова.
Гүлмира – Садырова – М. Қозыбаев атындағы СҚМУ студенті.
-Бүгін мен Президенттік шәкіртақы иегері атанғаныма өте қуаныштымын. Және болашақта Қазақстанның азаматы атануыма бар күшімда саламын.
Салтанатты жиын барысында университет ректорының және М.Жұмабаев атындағы гранттардың иегерлері де марапатталды. Сонымен қатар Еліміздің тұңғыш Президенті күні мен Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына байланысты ұйымдастырылған байқаудың жүлдегерлері ықыласқа бөленді. Бұл сында музыкалық-сазды педагогикалық факультетінің екінші курс студенті Дарья Калякина үздік атанды. Болашақ маман қоғамда өмір сүріп жатқан адамдар үшін этносаралық қарым-қатынастардың сипатын терең түсіну өте маңызды дейді.
Дарья Калякина – М. Қозыбаев атындағы СҚМУ студенті.
-Этносаралық қатынастар моделі ең алдымен елдегі ұлттық саясат арқылы айқындалады. Жалпы алғанда ол мемлекеттің саяси бағытына сәйкес келеді.
Жалпы байқауға қатысқан алты студент дипломға ие болса, төртеуі алғыс хаттармен марапатталды.
Риат Шони.