Бизнес және экономика

Бизнесті дамыту

Сайран Хамзин, СҚО рестораторлар мен отельерлер қауымдастығының төрағасы, қалалық мәслихат депутаты.

 

-Елбасы Жолдауын халыққа уақытында жолдады деп ойлаймын. Біз ресторатор ретінде әлемдік экономиканың өзгеріске ұшырап жатқанын қазірден сезінудеміз. Мысалы, шетелдік өнімдердің бағасы шарықтап, бізге тасымалданбай жатыр. Сондықтан біз мейрамханаға беретін ас мәзірлеріне аздаған өзгертулер енгізудеміз. Енді тағамдарды жергілікті өнімдерден әзірлейтін боламыз. Дегенмен, қала тұрғындары сүйіп жейтін асты біз қалдыруға тырысамыз.

Осындай тығырықтан шығу үшін Елбасы тамақ және өзге де жеңіл өнеркәсіп түрлерін дамытып, кәсіпкерлерді қолдау үшін ұлттық қордан 100 млрд. теңге бағытталатынын атап өтті.

Сайран Хамзин, СҚО рестораторлар мен отельерлер қауымдастығының төрағасы, қалалық мәслихат депутаты.

-Биыл “Бизнестің жол картасы – 2020” бағдарламасы аясында мемлекеттен 6 млн. теңгенің субсидиясын алып, мейрамхана асханасына қажетті жаңа жабдықтар сатып алып, 6 жаңа жұмыс орнын аштық. Соның арқасында қазір біздің компанияда шығарылатын өнімнің көлемі 25 пайызға артты.

Сайран Хамзин жақында “Даму” қоры ұйымдастырған “Іскерлік байланыс” бағдарламасы аясында АҚШ-на да барып мол тәжірибе жинақтап қайтты. Енді ол алда жаңа идеясын іске асырмақшы. Осы аптада облыс орталығында шетелдік бизнесмендер инвесторлар форумында бас қоспақ. Сайран Хамзин онда өзінің тың жобасын ұсынбақшы.

 

Берик Касен.