Мәдениет

Бейнелеу өнері мұражайында Тұңғыш Президент күніне арналған фотокөрме өтті

Генадий Чаплыгин – “Булаевец” кинофотостудиясының жетекшісі.

-Біздің студия балалар мен жасөспірімдерді отансүйгіштікке тәрбиелейді. Кинофотостудияның түлектері үшін камера әлемді тануға көмектесетін ерекше құралға айналды. Осының арқасында жас фотосуретшілер өнегелік және эстетикалық тәрбие алады.

Бұл жолғы көрме үш бөлімнен тұрды. Алғашқысында “Бізді қоршаған әлем” тақырыбында болса, екіншісі елодамыз Астанаға арналды. Александра Тимофеева фотоаппаратын қолынан тастамайды. Ол елордасының әсем бейнесін, боямасыз қанық етіп түсіріпті.

Александра Тимофеева – “Отанымды жырлаймын” фотокөрмесінің қатысушысы, М.Жұмабаев ауданы.

-Мұнда ескерткіштер мен монументтер бейнеленген. Оған қоса жағажай мен жағалаудың пейзаждары бар. Менің ойымша бұл туындылар елордамыздың әсемдігін көрсетеді.

Сондай-ақ фотокөрмеде Елбасымыздың теріскей жеріне жасаған іс-сапарлары жайында баяндайтын фотолар қойылған. Мына суретте СҚО шұрайлы егіс алқабы бейнеленген. Онда Елбасы ауыл еңбеккерлерімен кездесіп, жағдайларын сұрап жатыр. Ал, мына суретте Президент соғыс және еңбек ардагерлерінің әңгімесін тыңдап тұр. Көрмеге еңбектерін ұсынған фотосуретшілер сыйлықтарға ие болды.

 

 

Бакыт Садуакасов.