Билік

СҚО «ЭКСПО – 2017» халықаралық көрмесін өткізуге үлес қосуға әзір

Ерік Сұлтанов – Солтүстік Қазақстан облысының әкімі.

-Солтүстік Қазақстанның құрылыс индустриясы жол салуға қажетті өнімдерді шығаруға дайын. Инженерлік – коммуникациялардың құрылысына да ат салысуға сақадай-сай. Сондай-ақ агроқұрылым иелері де, Астана қаласына экологиялық таза өнімдерін жеткізуге қауқарлы. Сондай-ақ ЭКСПО көрмесін тамашалауға келген қонақтарды Солтүстік Қазақстан облысы қабылдай алады. Ол үшін Шалқар және Имантау демалыс орындары дайын.

ЭКСПО көрмесін жоғары деңгейде өткізу үшін, Елордада көрме қалашығы бой көтеретін болады. Яғни болашақта жаңа ғимараттардың құрылысы басталмақ. Ал оған қажетті материалдар Солтүстік Қазақстан облысынан жеткізілуі мүмкін. Қазір бұл мәселе қызу талқыланып жатыр.

Өмірхан Мұқанов – «Астана ЭКСПО – 2017» ҰК» АҚ құрылыс департаментінің директоры.

-Біздің құрылыс алаңы – 174 гектар. Соның 25 гектарында біз көрме пафилиондарын саламыз. Қалғанында тұрғылықты үйлер, әлеуметтік нысандар салынады. Соның барлығын аумағы 1 миллион шаршы метр болады деген болжам бар. Сондықтан осы облыстан біз металл-конструкцияларын аламыз ба деген ойымыз бар.

Бұдан соң облыс әкімі «Қызылжар Инвест» форумына қатысуға келген Украина мемлекетінің делегациясын қабылдады. Айта кету керек, аталмыш елде машина жасау саласы жақсы қарқымен дамыған.

Наталья Сущенко – «Укрмаштрой» Украинаның машина жасаушылар және жұмыс берушілер лигасы» қауымдастығы кеңесі төрағасының орынбасары.

-Сіздердің облыстарыңызда машина жасау саласын, ауыл шаруашылығын дамыту үшін барлық жағдай жасалған. Тек сіздерге бұл бағытта соңғы технилогияны игеру қажет. Ол үшін Украинаның азаматтары қолдау танытып отыр. Бірлесіп еңбек ететін болсақ, жақсы нәтижеге қол жеткіземіз деген ойдамын.

Солтүстік Қазақстан облысы аграрлық аймақ болғандықтан, өңірде өсірілетін басты дақыл – бидай екендігі белгілі. Сондықтан бұл салада соны технологияны игеріп, агроөнеркәсіп саласын әртараптандыру заман талабы. Украина Республикасында бұл жұмыстар оң жолға қойылған. Яғни ауыл шаруашылығына қажетті техникалар жасалынады, астықты өсіріп, сақтауда да соңғы әдістер қолданылады. Бұл ретте облыс әкімі Ерік Сұлтанов делегация мүшелерін болашақта бірлесіп жұмыс жасауға шақырды.

Ерік Сұлтанов – Солтүстік Қазақстан облысының әкімі.

-Украинада бидайды кептіретін арнайы құрылғылар жасалады. Биыл бізде сары алтынның ылғалдылығы 40 пайыз. Бұл бізге қиындық туғызып отыр. Егер сіздер біздің өңірде осындай кәсіпорын ашамыз десеңіздер, біз қолдау танытамыз. Қажет болса, арнайы орын бөлуге әзірміз.

Бұл бағыттағы жұмыстар «Қызылжар инвест» халықаралық форумында жан – жақты қарастырылады. Жалпы Солтүстік Қазақстан мен Украина мемлекеті болашақта бизнес бастамаларды іске асыруға қызығушылық танытып отыр.

 

 

Самат Джакупов.