Бизнес және экономика

Шекаралас әріптестік

Андрей Титов, Омбы облыстық кәсіпкерлер палатасының вице-президенті, РФ.

-Сіздің елдеріңізде мемлекет тарапынан кәсіпкерлерге үлкен қолдау көрсетіледі. Оған қоса инвесторларға да берілетін жеңілдіктер көп. Мәселен, бизнесмендерге салынатын салық аз, оған қоса келер жылдан бастап Еуразиялық экономикалық одақ аясында біраз кедергілер алынып тасталады. Міне, осы және өзге де қолдаулар ресейлік бизнесмендерді қызықтырып отыр.

Тұрар Ысқақов, СҚО кәсіпкерлер палатасы директорының экономика мәселесі жөніндегі орынбасары.

-Біз бұл кездесуді шағын және орта бизнес нысандарының арасындағы әріптестікті нығайтып, ортақ жобалар құру мақсатында өткізіп жатырмыз. Келесі жылдан бастап Еуразиялық экономикалық одақ жайлы қол қойылған үш елдің келісім-шарты заңды күшіне енеді. Оған біздің кәсіпкерлер қазірден бастап дайын болуы қажет. Ресейлік әріптестермен алдағы жоспарымызды осы бастан айқындап алсақ, болашақта бірлесіп жұмыс істеуге оңай болады.

Қазір екі елдің кәсіпкерлері ортақ бизнестерін талқылау үстінде, Бірі өнімін саудалайтын жаңа нарық іздесе, енді бірі өндіріс көлемін ұлғайту үшін тың технологияларды сұрастырып жатыр. Ресейлік жеке кәсіпкер Николай Белавин нан пісіргіш пеш пен кондитер өнімдерін әзірлейтін қодырғыларды құрастырумен 20 жылдан артық айналысып келеді. Оның өнімі бүгінде Қазақстан нарығында үлкен сұранысқа ие.

Николай Белавин, “Колос” ЖШҰ бас директоры, РФ.

-Біздің қондырғылар заман талабына сай етіп жасалған. Онда қамырды илеу кезінде температураны реттеп отыруға болады. Пештерде нан үлбіреп піседі. Біз ас атасының сапасын жақсартудың көптеген әдістерін білеміз. Біздің технологиямызды қазір Ресейдің біраз аймақтарында қолданады.

Өңірдегі “Белова” жеке кәсіпкерлігі Ресейден теңіз өнімдерін жеткізеді. Олар бұл іскерлік байланыста жаңа әріптестер табамыз деген үмітте.

Александр Боцвин, “Белова” ЖК директорының орынбасары.

-Біз Ресейден тұздалған балық пен асхана балығын сатып алып, оларды өңдеп, қалбырларға салып өңірдегі сауда орындарына жөнелтеміз. Айына 5 тонна өнім өңдейміз. Мен осы кездесуде жаңа тауар түрлерімен танысып, жаңа серіктес табуға келдім.

Айтпақшы, жыл басынан бері СҚО-ның Ресеймен арадағы тауар айналымы 326 млн. АҚШ доллардан асқан.

 

 

 

Берик Касен.