Балалар

“Ризашылық” мерекесі

Бүгінгі мерекеге жиналған жандардың қатары аз болмады. Қайрымды азаматтардың ішінде мектеп-интернатына 20 жылдан бері көмектесіп келе жатқандары да бар. Ол- қаламыздағы “Дарья” базары ЖШС директоры Роза Шакирова. Бұл жолы да ол жеткіншектерге базарлығын ала келген.

Роза Шакирова, “Дарья” базары ЖШС директоры.

-Биыл осы интернаттың 8-ші отбасының тәрбиеленушілеріне көмектесіп жатқанымызға 20 жыл болып отыр. Біз осы уақытқа дейін балалармен тіл табысып үлгердік. Бүлдіршіндерге қажетті нәрселердің бәрін алып келеміз. Өкініштісі сол ата-ана сыйлай алатын жылулықты ғана бере алмаймыз. Балаларға керегіде осы деп ойламын.

Облыстық жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернатының тәрбиеленушілері дайындаған мерекелік бағдарлама ауқымды болады. Бүлдіршіндер ән айтып би биледі. Алғыстарын білдіріп, жиналған қауымға қолдарымен жасаған сыйлықтарын да табыс етті.

Татьяна Лопатина, облыстық жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернатының тәрбиеленушісі.

-Бұл күні бізге қайырымды жандар тек ыстық лебіздерін ғана білдіріп қоймай, көп сыйлық әкеледі. Сондықтан бұл мерекені асыға күтеміз. Бүгінгі шарада бізге қамқорлық көрсетіп жатқандарға арнап, қолдан құттықтау қағазын дайындадым.

Мерекелік бағдарлама күні бойына жоспарланған. Сондықтан мұнда көрме ұйымдастырылды. Онда балалардың өз қолдарымен жасаған бұйымдары жайғастырылды. Спорттық ойындар да өткізіледі. Жалпы бүгінгі күні мектеп-интернатында 125 бүлдіршін 9 отбасында тәрбиеленіп, білім алады.

Ризабек Какпенов, облыстық жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернатының директоры.

-Мереке Сара Алпысқызының бастамасымен мектебімізде 6 жыл қатарынан ұйымдатырылуда. Бұл шараны балалар асыға күтеді.

“Ризашылық” мерекесі қарашаның соңғы бейсенбісі ел көлемінде аталып өтіледі. Биыл шара еліміздің Тұңғыш Президенті күніне орай ұйымдастырылды.

 

 

 

Бану Ахметова.