Әр түрлі

“MacCoffee” компаниясы ел азаматтары арасында ұтыс ойындарын өткізуде

Нүргүл Шунгулчина – акция жеңімпазы.

-Ең алғаш акция туралы “ЦУМ” сауда орталығында кофе сатып алған уақытта сыртқы бетінде жазылған жазудан байқадым. Кейін қорапша ішіндегі промо-кодтарды қаптамада көрсетілген нөмірге жолдап жүрдім. Осылайша, көп ұзамай, ақшалай сыйлықтың иегері атандым. Алғашында, маған қоңырау шалған уақытта біраз сенімсіздікпен қарадым.

Ұтысқа қатысу үшін “MacCoffee” немесе “MacTea” маркасы шығаратын шай немесе кофені сатып алу қажет. Кейін қалташаның ішіндегі арнайы промо-кодты 1516 қысқа нөміріне “СМС” арқылы жолдауға не болмаса “www.maccoffee.kz” сайтында тіркеуге болады. Егер де жолданған нөмір жүлделі болса, онда компания өкілдері бірден тұтынушыға хабарласады.

Андрей Гоман – “Future Enterprises PTE LTD” компаниясының аймақтық менеджері.

-Біздің компанияның ел нарығында жүргеніне 20 жылдай уақыт болды. Бастапқыда, өндірілетін тауар түрлерінің саны шектеулі еді. Ал қазірде халыққа кофенің түрлі аталымдарын ұсынудамыз. Сол себепті де кейінгі жылдары біздің өнімімізді тұтынатын ел тұрғындары арасында осындай науқандарды жиі өткізуді қолға алдық.

Компания өнімін тұтынушылар күн сайын жүз мың теңге ұтыс ойынына қатысуға және айына бір рет бір миллион теңгенің иегері атануға мүмкіндіктері бар. Бүгінгі күнге дейін ел тұрғындарының 55-і жүз мың теңгеге қол жеткізссе, Шымкент қаласының тұрғыны 1 миллион теңгенің иегері атаныпты. Акцияны ұйымдастырушылардың сөзінше, шара арқылы кез-келген азамат өзінің отбасылық бюджетін толықтыра алады. Науқан осы жылдың 30 қарашасына дейін жалғаспақ.

 

 

 

Бакыт Садуакасов.