Қоғам

Қалалық мәслихаттың «Нұр Отан» партиясы депутаттық фракциясының кезекті отырысы өтті

Дәулет Қалиасқаров – «Петропавл қаласы тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы инспекциясы» ММ жетекшісі.

-Биыл бізге республикалық бюджеттен 777 миллион теңге бөлінді. Бұл қаражатқа 45 көпқабатты үйді жөндеуге келісім шарт жасалды. Яғни бүгінгі күні 20-да жөндеу жүргізілді. Қалғанында жыл аяғына дейін аяқтауды жоспарлап отырмыз. 344 миллион теңгеге келер жылы тағы 20 үйді қалыпқа келтіретін боламыз.

Жиын барысында облыс орталығындағы мектептер мен мектепке дейінгі білім беретін мекемелерді жөндеуге бөлінген қаражаттың, тиісті мақсатта игірілмей отырғандығы айтылды. Яғни жобалық – сметалық құжатқа деп бөлінген 200 миллион теңгенің тек 10- миллионы ғана кәдеге жараған.

Жасұлан Ахметов – Петропавл қалалық мәслихатындағы «Нұр Отан» партиясы депутаттар фракциясының жетекшiсi.

-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің жыл сайынғы жолдауында тиісті мақсатқа бөлінген қаражаттың орындалуын депуттар жіті қадағалау керек дегенді айтып келеді. Осыған байланысты біз білім беру мекемелерін жөндеуге бөлінген қаражаттың игерілуіне сараптама жасадық. Бірқатар олқылықтар анықталып отыр. Проблеманы бүгіннен шешу керек. Өйткені уақыт өткен сайын тарифтер қымбаттауда. Нәтижесінде жобалық-сметалық құжаттамада көрсетілген бағалар нақты жұмысқа келгенде біршама төмен болып шығады.

Жиын соңында Нұр Отан партиясы фракция мүшелері әріптестерінің атқарып жатқан шаруаларына байланысты есептерін тыңдады.

 

 

 

 

Самат Джакупов.