Балалар

Жастар ісі жөніндегі комиттердің ең үздігі анықталды

Әлия Ташенова- СҚО педагогикалық колледжінің жастар саясаты жөніндегі төрайымы.э

-Колледжде жастар істері бойынша комитет 2012 жылдың желтоқсанында құрылған болатын. Содан бері жастар арасындағы мұндай конкурстарға жыл сайын қатысамыз. Біздің ұйым биыл қатарынан екінші жыл жүлделі 1-ші орынды иемденуде. Мұндай конкурстар үздік жұмыс атқарып жүрген жастардың еңбегін бағалау үшін таптырмас мүмкіндік.

Шара облыстық жастар ісі жөніндегі басқарманың қолдауымен өтті.

Серік Айдарбеков – СҚО жастар саясаты жөніндегі басқарманың бас маманы.

 

-Бүгін жастар саясаты басқармасымен республикалық “Жас ұлан” жастар ұйыының жоғары және орта білім беретін оқу орындары комитеттерінің конкурстары өтуде. Осы конкурстың ең басты мақсаты – жастар комитетінің өз жұмыстары жайлы айтып, жыл бойғы жасалған жұмыстарын және нақты жеткен жетістіктері туралы қорытындылап, ең жақсы комитетті таңдау.

Осылайша, өңіріміздегі жоғары және арнайы-орта оқу орындарындағы 11 жастар ісі жөніндегі комитетінің арасынан “Солтүстік Қазақстан педагогикалық колледжі” үздік атанды . Ал М. Қозыбаев атындағы “СҚМУ” және “Гуманитарлық-техникалық колледждері” екінші орынды бөлісті. Үздіктер үштігін “Қызылжар” аграрлық колледжі” мен “Мағжан Жұмабаев атындағы гуматарлық колледж” қорытындылады”.