МТРА жаңалықтары

Облыста “Нива” көлігі мұз астына түсіп кетті

Келесі күні облыстық төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері сағат 13-тен 35 минут кеткенде су қоймасында автокөлікті алып шығу бойынша апаттық-құтқару жұмыстарына кіріседі. 20-дан астам адам мұзды кесу үшін бензин арасын, сүймен, тақтай, бағана, арқан және шынжырды пайдаланып, 1 сағат 10 минут өткенде судың астындағы “Ниваны” жағаға алып шығады. Жапа шекендер жоқ. Жалпы, жыл басынан бері облыс аумағында 38 адам суға кетіп мерт болған, оның 12-сі – балықшылар.

 

Данаш Хамзина.