Билік

«Нұр Отан» партиясы СҚОФ 21-ші есеп беру, сайлау конференциясы өтті

Ерік Сұлтанов – «Нұр Отан» партиясы СҚОФ төрағасы, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі.

-Елбасы стратегиялық құжатта тұрғын үй шаруашылығын қайта жаңғырту, сондай-ақ су және жылу мен жабдықтау жүйелерін қайта жөндеу мәселелеріне айрықша тоқталды. Бұл тұрғыда біздің өңір республика бойынша бірінші болып келер жылға 25 миллирд теңгеге тапсырыс беріп қойды. Яғни осының арқасында облыс орталығындағы көпқабытты тұрғын үйлер күрделі жөндеуден өтеді. Және магистральдік жылу желілері жаңасына алмастырылады.

Жолдауда Нұрсұлтан Назарбаев көлік логистика саласына назар аударды. Осы орайда теріскейде келер жылдан бастап ауқымды жобалар қолға алынбақ.

Ерік Сұлтанов – «Нұр Отан» партиясы СҚОФ төрағасы, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі.

-Үстіміздегі жылдың маусым, шілде айларында бірнеше ауданда ауыл тұрғындарымен кездесу өткіздім. Халық тарапынан таза ауыз суға және автомобиль жолдарына қатысты сұрақтар көп көтерілді. Бүгінгі күні өңірде 304 елді-мекен таза ауыз сусыз отыр. Бұл мәселені алдағы екі жыл ішінде шешуіміз қажет. Ал жолдың сапасыздығынан шалғайда жатқан ауылдарға қоғамдық көліктер қатынамай қойған. Болашақта осы проблеманың күрмеуін тарқатуымыз қажет. Ол үшін ауқымды жобаларымыз бар.

Жиында көшбасшы партияның сайлау алды тұғырнамасы бойынша 2012-2014 жылдар аралығында атқарылған істер пысықталды. Мыңдаған адамның аманатын арқалаған тұғырнама әлеуметтік мәселелерді оңтайлы шешуге мүмкіндік берді, – деді облыс әкімі. Мысалы, 2014-2015 оқу жылында облыста жалпы білім беретін 547 мектеп жұмыс істейді. Оларда 70 мыңнан астам бала білім алуда.

Ерік Сұлтанов – «Нұр Отан» партиясы СҚОФ төрағасы, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі.

-Өңірде «Балапан» бағдарламасы жақсы қарқынмен жүзеге асып келеді. Осының арқасында тоғыз мыңнан астам балаға арналған мектепке дейінгі тәрбие беретін ошақтары ашылды. Петропавл қаласында бұл мәселе өткір тұр. Биыл 400 орынға шақталған балабақша ашылады деп жоспарлап отыр. Келер жылы бұл көрсеткіш 1300 -ге дейін өспек. Сондай-ақ «СевКазЭнерго» АҚ жеке қаражатына 2015- 2016 жылдары 640 орынға екі балабақша тұрғызбақ.

Денсаулық сақтау саласында ауыз толтырып айтатындай шаруалар баршылық. Мәселен, үстіміздегі жылдың наурыз айында Мағжан Жұмабаев ауданының орталығы Булаев қаласында бір ауысымда 250 адамды қабылдай алатын жаңа емхана бой көтерді. Спортты дамытуға да ерекше назар аударылып отыр.

Ерік Сұлтанов – «Нұр Отан» партиясы СҚОФ төрағасы, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі.

-Үстіміздегі жылдың 9 айы ішінде бірде – бір ана өлімі тіркелмеді. Жылдан жылға емханалардағы материалды- техникалық база жақсарып келеді. Бүгінде облыста 145 000 азамат спортпен шұғылданады. Бұл жалпы өңір халқының 25 пайызы. 2281 спорттық нысан болса, оның 1823 і ауылдық жерде. Өңірде биыл 300-ден астам хоккей кордын салу жоспарда бар.

Жұмыссыздық мәселесі де шешімін тауып келеді. Жалпы үстіміздегі жылдың 1 қарашасына дейін облыста 25 000- нан астам адам жұмысқа орналастырылған. Өнеркәсіп саласында да алға ілгерлеушілік байқалады.

Ерік Сұлтанов – «Нұр Отан» партиясы СҚОФ төрағасы, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі.

-Қаңтар мен қазан айларында өнеркәсіптік мекемелер жалпы сомасы 128 миллиард теңгенің өнімін өндірді. Бұл 2013 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 3,5 пайызға артық. Сондай-ақ индустрияландыру картасының бірінші бесжылдығына 38 миллард теңгенің 31 жобасы енді. Бүгін оның 29-жүзеге асырылды. Нәтижесінде 1045 жаңа жұмыс орны ашылды.  

Бүгінгі күні «Нұр Отан» партиясында мүшелікте 32 152 солтүстік қазақстандық бар. Оның 40 пайыздан атамын мемлекеттік қызметкшілер құрап отыр. Айта кету керек, биыл жемқорлыққа жол берген 12 адам партия қарамағынан шығарылса, тағы 26-на партиялық жаза қолданылған. Жалпы «Нұр Отан» – ға тұрғындар тарапынан 3000-ға жуық өтініш келіп түскен. Оның 70 пайыздан астамы бүгінгі күні шешімін тапқан. Жиын барысында жолдаудың маңыздылығы да айтылды. Сөз алған делегаттар Президент тапсырмасын бұлжытпай орындауға ат салысатындықтарын жеткізді.

Әсемгүл Есқожа – «Азаматтық бастамаларды дамыту институты» ҚБ төрайымы.

-Елбасымыз Қазақстан халқына үлкен үміт артып отыр. Яғни қазіргі таңда әрбір азаматтың, әрбір жас ұрпақтың парызы осы жолдауда айқындалған мақсаттарды орындау.

Сондай-ақ конференцияда партияның облыстық филиалының бақылау-тексеру комиссиясының жұмысы туралы есебі тыңдалды. Сонымен бірге саяси Кеңес құрамы қайта сайланды. Қазір мүшелікте 33 адам бар.

 

 

Самат Джакупов.