Салық басқармасы

Елімізде мүлікті заңдастыру акциясы жалғасын табуда

Юрий Белокопытов – Салық басқармасының өндірістік емес төлемдерді әкімшілендіру және уәкілетті органдармен жұмыс жөніндегі бөлім жетекшісі.

-Мүлікті заңдастыру акциясы 2015 жылдың 31-ші желтоқсанына дейін жалғасады. Бірақ, дүние-мүлікті тіркеу мерзімі – келер жылдың 30-шы қарашасында аяқталатынын еске саламыз.

Жиған-терген дүние-мүлкін елімізде заңдастыруға құлық танытқан азаматтар, ең алдымен салық органына өтініш беруі тиіс. Кейін фискалды орган жанынан құрылған арнайы коммисия өкілдері өтінішті 30 күн ішінде қарастырады. Заңдастыруға керекті құжаттар тізімі де бекітілген.

Юрий Белокопытов – Салық басқармасының өндірістік емес төлемдерді әкімшілендіру және уәкілетті органдармен жұмыс жөніндегі бөлім жетекшісі.

-Салық органдарында мүлкін заңдастыруға келген азаматтардың өзімен бірге өтініші, жеке басын куәландыратын құжаты мен мүліктің нарықтағы нақты бағасы көрсетілген қағазы болуы шарт. Дүние-мүлікті заңдастыру үшін өтінішті екі тілде беру қажет.

Дегенмен, әзірше, шет мемлекеттердегі мүлікті елімізде заңдастыруға ниет білдірген бірде-бір тұрғын тіркелмепті.

 

 

 

Бакыт Садуакасов.