Спорт

Жерлесіміз Виталий Делль әлем чемпионатында күміс алқа тақты

Виталий Делль – акробатикадан әлем чемпионатының жүлдегері.

-Басында жеңіске жетемін деп ойлаған жоқпын. Ең алдымен, мықты акробаттардың бестігіне өту үшін тырысқан едім. Дегенмен, бапкерім Ринат Белогонов жігер берді. Жеңіске жаттықтырушымның қолдауы мен жақсы дайындығымның арқасында қол жеткіздім.

Виталий Делль акробатикамен 5 жасынан бастап айналысады. Бұған дейін талай жарыстарға қатысып, жоғары нәтиже көрсеткен. Ата-анасы баламыздың жеңетініне сендік дейді.

Татьяна Дель – анасы.

-Ең алдымен жаттықтырушыларға алғысымды білдіремін. Бұл жеңіс бәрімізге қуаныш әкеліп отыр. Өзім баламның жеңісіне сендім.

Әлем чемпионатына спортшы жарты жыл бойы тынымсыз дайындалған екен. Үмітті ақтады дейді жас акробаттың бапкері.

Ринат Белогонов – Ринат Делльдің.

-Бұл әлем чемпионаты – біз үшін ең маңызды жарыстардың бір. Себебі, Виталий осындай сайысқа алғаш рет қатысты. Шәкіртімнің 2-ші орынды жеңіп алғанына ризамын. Болашақта мықты спортшылардың қатарына кіретініне сенімдімін.

АҚШ-та жассөспірімдер арасында акробатикадан өткен әлем чемпионатында екінші орынды солтүстікқазақстандық Виталий Делль америкалық акробатпен бөліскен екен. ал, бірінші орынды Ресей спортшысы еншілепті.

 

 

Сагыныш Маркашева.