Спорт

Жанат Жақиянов WBC нұсқасы бойынша әлем чемпионы атағына үміткерлердің рейтингісінде көш бастады

Нұржәмиля Жақиянова – Жанат Жақияновтың анасы.

-Балам алыс жолдарға шығып, кездесулер өткізгенде мешітке барып Аллаһтан тілеуін тілеймін.

Міне, кәсіпқой бокстан Европа чемпионы Жанат Жақиянов мінген жүрдек пойыз да станцияға келіп тоқтады. Мақтан тұтар жерлесімізді жиналған жұрттың барлығы құттықтауға асық.

53 келі жеңіл салмақта халықаралық ареналарда ел намысын қорғап жүрген Жанат Жақиянов осы күзде екі рет жеңіске жеткен. Алғашқы кездесу Белорусьте өткен. Онда жерлесіміз Грузиялық былғары қолғап шебері Гаги Эдишерашвилиді бірінші раунда нокаутқа жіберіп, WBC Eurasia нұсқасы бойынша чемпиондық атағын қорғап қалған. 30 жасар боксышының бұл жолғы кездесуі қараша айында Австралияда өтті.

Жанат Жақиянов – кәсіпқой боксшы, WBC Eurasia нұсқасы бойынша Еуропа чемпионы.

-Австрияда өткен кездесуде мен Роберто Лериомен бокстастым. Оны екінші раундта нокаутқа жібердім.

Бұл жеңістен кейін жерлесіміз WBC нұсқасы бойынша әлем чемпионы атағына үміткерлердің рейтингісінде көш бастады. Аталмыш атақ үшін кездесу келер жылдың басында боп қалуы әбден ықтимал, бірақ былғары қолғап шеберінің қарсыласы кім болатыны әлі белгісіз.

 

 

 

Риат Шони.