Спорт

Оқушылар Астанаға саяхаттап келді

 

 

Спорт саласында өздерін жақсы қырынан көрсеткен балаларды Астанаға саяхатқа жіберу жақсы дәстүрге айналған. Бұл жолы еліміздің бас қаласына бару құрметі 15 оқушыға бұйырған.

 Есілбай Омаров, балалар мен жасөспірімдер спорт мектептері жөніндегі оқу-әдістемелік орталығының әдіскері:
– Жақсы деген спортшыларды таңдап, Астана қаласына жіберген болатынбыз. Бұл біздің тұңғыш Президентіміздің күніне арналған және туризм және спорт саласын дамытуға байланысты. Балаларды қарсы алғалы тұрмыз ғой. Телефон шалып жатыр, жақсы дем алдық, көп жерлерде болдық деп.  

Бұл – биылғы жылы Астанаға барған оқушылардың төртінші легі. Елорданың көрнекті жерлерін тамашалап қайтқан жеткіншектерді күтіп алғандардың қатары да қалың. Солардың арасында жеңіл атлетикамен әуестеніп жүрген жас спортшы – Заринаны асыға тосқандардың бірі оның анасы Ольга Попова.

 Ольга Попова,  ана:
Қызым 4 жылдан бері жеңіл атлетикамен айналысып жүр. Оның қабілетін байқаған мұғалімі осы спортпен айналысуға кеңес берді. Жетістіктері аз емес. Баламды мұндай саяхатқа жіберуге қорыққан жоқпын. Себебі бұл олардың алғаш рет шығуы емес, әрі жаттықтырушылары қастарында.  

Жалпы жоба бойынша болашағынан үлкен үміт күттіретін жас спортшылар жылына екі-үш рет Елордаға барып саяхаттап қайтады.

Астана өте ұнады. Бәйтерекке бардық. Нұрсұлтан Назарбаевтың музейіне бардық.
Маған Астана өте ұнады. Онда жаңа құрылыстар өте көп екен. Алау спорт сарайы мен Хан шатырды араладық.  

Астананың көрікті жерлерін тамашалап қайтқан спортшылар мұндай саяхаттар адамның бойына отансүйгіштік қасиет  ұялатады дейді.

Әспет Әбдірешова