Білім

Балабақша ашу немесе оның жұмысын тоқтату туралы хабарлау міндетті

Динара Жүнісова, СҚО білім саласындағы бақылау департаментінің бас маманы.

-Жаңа заң күшіне енген соң, лецензиялау заңының бұрынғы үлгісі қолданылмайды. Өйткені, екеуі бірікті. Бұл заңда балабақшаны ашуды хабарлау дегеніміз, рұқсат алу керектігін білдіреді. Ол тек мектепке дейінгі білім беретін мекемелерді ашқысы келетіндерге қатысты.

Бұған дейін балабақша ашқан солтүстікқазақстандықтар әкімдікпен келісім-шартқа отырған.

Динара Жүнісова, СҚО білім саласындағы бақылау департаментінің бас маманы.

-Кәсіпкерлікпен айналысатын жеке және заңды тұлғалардың бұл жерде мына жайтқа назар аударғаны дұрыс. Өйткені, қазіргі уақытта көбі “Балапан” бағдарламасы арқылы балабақша ашып жатыр. Енді, мемлекеттің көмегіне жүгініп, мектепке дейінгі тәрбие беретін мекеме ашпас бұрын, бізге хабарлау қажет.

Мұндағы мамандар ағымдағы жылы мемлекеттік стандарттарға сәйкес жоспарлы түрде өңіріміздегі 16 балабақшаны аттестациялаудан өткізіпті. Нәтижесінде 15-сі сынақты ойдағыдай тапсырған. Тек аттестациядан өте алмай қалған жалғыз ауылдық балабақша олқылықтарды түзетіпті.

 

 

Бану Ахметова.