Құқық қорғау органдары

Полицейлер Елбасының Халыққа Жолдауын талқылауда

Берік Біләлов – СҚО ІІД бастығы.

-Елбасымыз еліміздегі тұрақтылықты сақтау жолында әр адам аянбай еңбек ету керектігін атап өтті. Ал тұрақтылық пен келісім – ол әр отбасынан басталады. Бұл орайда қоғамдық тәртіпті сақтауда құқық қорғаушылардың алар орны зор. Оларға артылған жүк те ауыр.

Өңірдің бас полицейінің сөзінше, бүгіндері елімізде білікті тәртіп сақшыларын даярлап, оқытып шығуға барлық жағдай жасалған. Біздің облыста ел тыныштығын сақтауда 828 жас маман аянбай еңбек етуде. Солардың бірі Арман Қабдоллаев. Ол Қарағанды қаласындағы Бейсенов атындағы ҚР ІІМ академиясын тәмамдаған соң, қызмет жолын Петропавл қаласындағы ІІБ-да тергеушіден бастаған.

Арман Қабдоллаев – Петропавл қалалық ІІБ тергеушісі.

-Ұлт көшбасшысының жыл сайынғы халыққа Жолдауынан жастар үлкен үміт күтеді. Біз елбасының саясатын іске асыруда аянбай еңбек етіп, қоғамдық тәртіпті бақылауда ұстаймыз.

Ұлт көшбасшысының Жолдауына жиынға қатысқан құқық қорғау қызметкерлері өз ойларын білдірді.

Қанат Айтбаев – Петропавл қалалық ІІБ бастығы.

-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жүргізіп отырған салиқалы саясатының арқасында біраз табыстарға жеттік.

Жиын соңында өңірдің бас полицейі ІІД басқарма жетекшілеріне жемқорлықпен күрес шараларын одан әрі жалғастырып, жолдағы қауіпсіздікті бақылап, қатарға қосылған қызметкерлерге жағдай жасау керектігін айтты.

 

 

 

Бакыт Садуакасов.