Спорт

ҚР ҰҰ Әскери институтында қоян-қолтық ұрыстан жарыс өтті

Нұрбек Жукубаев – ҚР ҰҰ Әскери институтының курсанты.

-Жаңа алғашқы жекпе-жегімді өткіздім. Қарсыласым батыс Қазақстан облысының өкілі. Осы жекпе-жекке осал адамдар шықпайды ғой, әрбір ротадан таңдаулы деген өз салмағындағы спортшылар.

Жалпы әскери институт қабырғасында самбодан чемпионат жыл сайын ұйымдастырылады. Содан да болар, болашақ офицерлердің қоян-қолтық ұрысқа дайындықтары да жоғары деңгейде. Осы жолғы турнирде әскерилер 57, 62, 68, 74, 82 және одан жоғары салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп, шеберліктерін танытты.

Айбек Қырықбай – самбодан халықаралық дәрежедегі спорт шебері, жарыс төрешісі.

-Бұл жарыста жеңіске жеткендері ақпан айында болатын Ұлттық ұланның біріншілігіне қатысуға Талдықорған қаласына барады. Бұл спартакиада жыл сайын өткізіліп тұрады. Осыдан кейін қоян-қолтық ұрысынан жарыстар өткізетін боламыз және қазақ күресінен институт барысын өткізудеміз.

Елдің тыныштығы мен тәртібін сақтау жолында әскерилердің атқарып отырған еңбектері орасан. Сондықтан, тәуелсіз елдің тұрақтылығын сақтау үшін жастар спортты жанына серік етуі керек дейді әскери институт басшылығы.

Жұмабек Ахметов – ҚР ҰҰ Әскери институтының бастығы, полковник.

-Біздің әскери институтта самбомен жаттығатын курсанттар қатары көп. Жарысқа қатысушыларды бағалаған уақытта олардың қоян-қолтық ұрыс амалдарын шебер орындауына қарап, жоғары ұпай береміз. Жеңімпаз атанған спортшы курсанттарымыз алдағы өтетін республикалық чемпионатқа қатысатын болады.

Нәтижесінде өздерінің салмақ санаттарында 57 келіде курсант Нұркелді Тельман, 62 келіде Абылай Тұрсынбаев, 68 келіде Қайнар Әдіханов, 74 келіде Исатай Нұрсейітов, 82 келіде Дархан Дәулет чемпион атанды. Сондай-ақ ұйымдастырушылар жеке қатысушыларға әртүрлі аталымдарда сыйлықтар мен грамоталар табысталды.

 

 

 

Бакыт Садуакасов.