Қоғам

Қала активі Елбасы жолдауын талқылады

Марат Тасмағанбетов – Петропавл қаласының әкімі.

-Болашақта облыс орталығында жаңа кәсіпорындар пайда болады. Мәселен майлы дақылдарды қайта өңдеуге арналған зауыт іске қосылмақшы. Сондай-ақ темір бетонды бұйымдарды жасайтын кәсіпорын алдағы уақытта өз жұмысын бастайды. Жалпы Петропавл қаласында өндіріс орындарына деп 148 гектар жер кейінге сақталып тұр.

Жалпы, жолдауда мемлекет басшысы жеті бағытқа баса назар аударды. Соның бірі – кәсіпкерлік саласы. Бұл ретте Петропавл қаласының кәсіпорындары үстіміздегі жылдың 10 ай ішінде 80 миллиард 300 миллион теңгенің өнімін өндірген. Жыл санап шағын және орта бизнеспен айналымын дегендердің қатары артып отыр. Үкімет тарапынан қолдауды сезінген жандардың бірі Ескендір Мұрадов. Ол осының арқасында нан тоқаш пісіру комбинатын ашқан.

Ескендір Мұрадов – «Қала Нан» ЖК директоры.

-Біздің Елбасымыз кәсіпкерлерге барынша қолдау танытып жатыр. Бұрын несие 17 пайызбен берілетін. Қазір ол 6 процентті құрайды. Осының арқасында шаруашылығыма қажетті техниканың барлығын сатып алдым. Бұрын кәсіпорында бес адам жұмыс істейтін. Қазір олардың саны 20-ға жетті. Қызметкерлер айлықтарын уақытылы алып тұрады. Мұның барлығы президентіміздің көрегендігінің арқасы деп санаймын.

Жолдауда Президент балалардың мектепке дейінгі тәрбиесіне айрықша тоқталды. Бүгінгі күні Петропавлда 3-пен 6 жас аралығындағы 2672 бүлдіршін балабақша кезегінде тұр. Бұл мәселені шешу үшін, биыл 380 орынға шақталған балабақша халық игілігіне берілмек. Келер жылы 320 балғынға арналған балабақшаның құрылысы басталмақшы. Ол республикалдық бюджеттен бөлінген қаражатқа тұрғызылатын болады. Мұнымен қоса кәсіпкерлердің де бұл салаға ден қойғаны қуантады.

Балдырған Ілиясов – «Баларман» ЖШС директоры.

-Маған президенттің 6 бағытындағы айтқан сөзі көкейіме келді. Себебі мен былтырғы жылы «Балапан» бағдарламасы бойынша және «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы бойынша Үкіметтен қаржы алып, жұмысшы кентінде жеке балабақша ашқан болатынмын. Сонымен қатар биылғы жылы облыс әкімі Сұлтанов Ерік Хамзаұлының тікелей көмегімен 20-шы мүлтек ауданында тағы 75 орындық бір балабақша ашуды ұйғарып отырмын.

Жолдау жүктеген міндетті жүзеге асыру үшін еліміздің әрбір азаматы күш – жігерін жұмсап, қажырлы еңбек етулері қажет. Сонда ғана еліміз жаһандық дағдарыстың соққысын сезінбейтін болады

 

 

 

Самат Джакупов.